Басып шығару нұсқасы
22.08.2016, 18:30

Samsung ұсталған смартфондарды сатумен айналыспақ

Samsung ұсталған смартфондарды сатумен айналыспақ ҚазАқпарат

Samsung Electronics   2017 жылы  premium-сыныпты қолданылған смартфондарды сата бастайды, деп хабарлады Reuters дереккөзіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат.

Агенттік өкілінің айтуынша, компания жыл сайынғы ескіні жаңа үлгіге ауыстыру бағдарламасының аясында АҚШ, Оңтүстік Корея елдеріндегі клиенттерінен смартфондарды сатып алып, оларды жөндеп, дамушы елдер нарықтарына төмен бағаға сатуды жоспарлауда. 

Reuters дереккөзі  нақ қай елдерге сатылатынын, қаншалықты бағасы арзан болатынын айтпады.

Ұқсас сілтемелер