Басып шығару нұсқасы
26.01.2018, 08:50

Бөлімше полицейін бір қимылмен табу

Астана қаласының әкімдігі Telegram мессенджеріндегі «Smart Astana» чат-ботының мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді әрбір елорда тұрғынының виртуалды көмекшісі бөлімше полицейін оңай әрі жылдам табуға көмектеседі. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

Мұнан басқа, анықтамалық чат-бот сіздің сайлау учаскеңіз, көліктер жұмысы, мемлекеттік мекемелер мен қызмет алу жөніндегі сұрауыңызды автоматты түрде өңдейді.

Қазіргі таңда анықтамалық чат-бот келесі мәселелер бойынша жауап береді:

·Әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғы, айыппұлдарға, оның ішінде Сергек бейнекамералары тіркеген айыппұлдар төлеміне сілтеме.

(Бастапқы үш күнгі жұмыс барысында 8 мыңнан астам қолданушы тексерді, оның ішінде 250-і төленбеген әкімшілік айыппұлының барын анықтады).

·Емханаға тіркелгенін тексеру.

(ЖСН бойынша сервис емхана нөмірі, участок нөмірі мен учаскелік дәрігердің аты-жөнін мәлімдейді. Сервис Қазақстан бойынша қолжетімді)

·Өзіңнің бөлімше полицейіңді іздеу.

(Үйдің мекенжайы бойынша бөлімше полицейі, оның ТАӘ мен байланыс мәліметтерін көрсетеді. Сервис тек Астана қаласы бойынша жұмыс жасайды)

·Сайлау учаскесін және Астана қаласы Мәслихатының депутатын іздеу.

(Сервис үйдің мекенжайы бойынша сайлау учаскесін, сайлау учаскесі бойынша Астана қаласы Мәслихаты депутатының ТАӘ мен байланыс мәліметтерін тауып береді)

·Сабақтың болмайтыны, Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар жолдардың жабылуы туралы хабарландыру сервисі.

Бүгінгі таңда @smartastana_bot чат-ботын 10500 адам пайдаланады.