Басып шығару нұсқасы
27.07.2017, 14:08

ЯК-12 ұшағының апатқа ұшырау себептері айтылды

ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов Алматы облысы Панфилов ауданындағы «ТАК Қазавиа» ЖШС-не қарасты ЯК-12 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, апаттың алдын ала себебі – ұшақтың жермен соқтығысуы болды. Ж. Тайжанов сондай-ақ апаттың нақты себептерін білу үшін арнайы комиссияның құрылғанын және оның оқиға орнына жөнелтілгені жайлы хабарлады.
Еске салып өтейік, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті тергеу аяқталғанша ЯК-12 ұшақтарын пайдалануды тоқтатты

Ұқсас сілтемелер