Басып шығару нұсқасы
27.04.2018, 13:57

Головкин мен Альварестің допинг-сынамасының нәтижесі жарияланды

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман  Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің «Таза бокс» бағдарламасы аясында тапсырған сынама нәтижесін хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасап.

«WBC қазір ғана VADA-дан Генадий Головкиннің 2 сәуірдегі және Сауль Альварестің 3 сәуірдегі допинг-сынамасының нәтижесін алды. Екеуінің де нәтижесі – жақсы» деп жазды Маурисио Сулейман өзінің twitter парақшасында.

Бүгін «Канелоның» шашынан 29 наурызда алынған сынама нәтижесі де дайын болды. Сынама нәтижесі «Канелоның» ағзасында кленбутерол мен басқа да тыйым салынған заттардың жоқ екенін көрсетті.

Ұқсас сілтемелер