Басып шығару нұсқасы
05.04.2018, 15:27

Теннистен Қазақстан мен Хорватия арасындағы матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

2018 жылдың 6-8 сәуір аралығында Хорватияның Вараждин қаласында Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасы Хорватиямен кездеседі.

        Сондай-ақ, Дэвис Кубогының ¼ финалы аясында кездесетін Қазақстан мен Хорватияның ұлттық құрама мүшелері белгілі болды.  Хорватия құрамасына қарсы еліміздің үздік теннисшілері Михаил Кукушкин (рейтинг АТР - 83), Александр Недовесов, Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Денис Евсеев және Роман Хасанов шығады.

         Айта кетейік, 6 сәуір күні «Qazsport» телеарнасынан 17:50, 21:00-де, 7 сәуір күні 18:50-де ал, жарыстың үшінші күнін 9 сәуір күні сағат 12:15, 20:20-да көре аласыздар.

Ұқсас сілтемелер