Басып шығару нұсқасы
28.03.2018, 14:13

Мэнни Пакьяо мен Василий Ломаченко жекпе-жек өткізуі мүмкін

Мэнни Пакьяо мен Василий Ломаченко жекпе-жек өткізуі мүмкін Vesti.kz

Филиппиндік Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) мен Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) жекпе-жек өткізу мүмкін, деп хабарлайды Qsport.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА.

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо мен WBO тұжырымының бірінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко кездесу өткізуі мүмкін. Филиппиндік былғары қолғап шебері кезекті жекпе-жегінен кейін Ломаченкомен жұдырықтасуды көздейді. Ол өз сөзінде: «Менің Лукас Матиспен болатын жекпе-жегімді Боб Арум тамашалауға келеді. Лукасты жеңгеннен кейін, украиналық спортшымен болатын кездесуді талқылайтын шығармыз», – деді Пакьяо.

Айта кетейік, Мэнни Пакьяо келесі жекпе-жегін 8 шілде күні Малайзия елінде аргентиналық панчер Лукас Матиске (39-4, 36 КО) қарсы өткізеді. Ал Ломаченко венесуэлалық Хорхе Линареспен 12 мамыр күні, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы атақты Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады.