Басып шығару нұсқасы
18.03.2018, 11:55

UEFA президентінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

UEFA президентінің қанша жалақы алатыны белгілі болды prosports.kz

Еуропа футбол федерациясының (UEFA) президенті Александер Чефериннің салық төлегенге дейінгі жылдық жалақысы 1,56 миллион швейцария франкі (1,64 миллион доллар) екені белгілі болды, деп жазады отандық басылымдар шетелдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Хабарламада айтылуынша, словениялық маманның жылдық жалақысы FIFA басшысы Джанни Инфантиноның табысынан (1,61млн доллар) еш кем емес екен.

Бірақ, аталған қаржы толығымен Чефериннің қалтасына түспейді. Ол алған жалақысының мәлім мөлшерін өз елі Словенияға және UEFA бас штабы орналасқан Швейцария еліне салық ретінде төлейді.