Басып шығару нұсқасы
27.02.2018, 11:59

Қанат Ислам Ломаченконың менеджерімен келісімшартқа отырды

Қанат Ислам Ломаченконың менеджерімен келісімшартқа отырды prosports.kz

The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климас бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Қанат Исламмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы былғары қолғап шеберінің пиар-менеджері Берік Сұлтан Instagram  желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Эгис Климас ресейлік Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО), украиналық Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) және Александр Усик (14-0, 11 КО) секілді танымал боксшылармен жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Қанат Ислам дәл қазір АҚШ құрама штаттарында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр.