Басып шығару нұсқасы
17.02.2018, 15:17

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада бір журналист қайтыс болды

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада бір журналист қайтыс болды Сурет: РИА Новости. Владимир Астапкович

Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиадада Корея мемлекетінен келген журналист қайтыс болды, деп хабарлайды РиаНовостиге сілтеме жасап Stan.kz.

Журналистің мәйіті медиа-ауылдағы бөлмесінен табылған.

«50 жастағы журналистің денесі өз бөлмесінен табылды. Ол Пхенчхандағы Олимпиадада жапониялық телеарна атынан жұмыс істеп жүрген. Журналистің бөлмелес көршісі оны оятуға тырысқанымен, ол қозғалмаған. Ауруханада оның қайтыс болғаны анықталды», – дейді ұйымдастыру комитетінің мүшесі Сон Баик Ю.

Айта кетсек, қысқы Олимпида ойындаоы 25 ақпанға дейін жалғасады.

Ұқсас сілтемелер