Басып шығару нұсқасы
12.02.2018, 11:36

Пхенчхандағы Олимпиада билеттерінің 82%-ы сатылды

Жанкүйерлер қазіргі таңда Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына 884 мың билет сатып алды. Бұл туралы Коммуникация бойынша Халықаралық Олимпиада комитетінің директоры Марк Адамс айтты, деп жазды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«884 мың билет сатылды. Бұл жалпы билеттердің 82%-ын құрайды. Сатылым жоғары болады деген үміттеміз», - дейді Адамс.

9 ақпан күні басталған Олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғасады. 15 спорт түрінен 102 комплект жүлде сарапқа салынады.