Басып шығару нұсқасы
29.01.2018, 17:13

Қазақстан Венгрия қақпасына жауапсыз 29 гол соқты

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы Хабаровскідегі әлем чемпионатынан сенімді жеңіспен бастады, -  деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА.

Қазақстандықтар Венгрияны 29:0 есебімен тас-талқан етті. Команда капитаны Рауан Ісәлиев алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Евгений Леонов пен Виктор Чернышев бес голдан соғып шықты.

Айта кетейік, венгриялық ұжымда гол соғатын ешқандай мүмкіндік болған жоқ.

Енді Қазақстан құрамасы 30 қаңтарда Астана уақытымен 9:00-де АҚШ командасымен кездеседі.