Басып шығару нұсқасы
01.01.2018, 19:43

«Қайрат» қорғаушысымен қоштасты

«Қайрат» қорғаушысымен қоштасты Фото: Pinterest

«Қайраттың» қорғаушысы Сесар Арзо енді испаниялық «Химнастик»клубында ойнайтын болады, деп хабарлайды prosports.kz.

Футболшы мен команда басшылығы барлық құжаттар дайын болғаннан кейін келісімшартқа қол қоятын болады.

Сезар Арзо алматылық клубқа 2016 жылдың шілде айында ауысып келген еді. Командамен бірге ел чемпионатының күміс жүлдесін, Кубок пен Суперкубокты жеңіп алды.