Басып шығару нұсқасы
30.04.2018, 10:24

Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін нокаутпен аяқтады

Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін нокаутпен аяқтады Сурет: Sports.kz

Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Today.kz.

Кездесу Нью-Йорктағы Barclays Center аренасында өтті.

Елеусіновтың кәсіби бокстағы алғашқы қарсыласы америкалық Ноа Кидд болды. Орта салмақтағы баксшылардың кездесуі алты раундқа жетеді деп болжанғанымен, техникалық нокаутқа байланысты үшінші раундта аяқталды.

Осылайша Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңіске ие болса, Кидд өз карьерасында алғаш рет жеңіліс тапты.

Данияр Елеусінов осы жылы жеті кездесу өткізуге ниетті. Тіпті, Лондонда, Монакода және Астана кездесу өткізетінін хабарлап үлгерді.

"Кәсіби бокста өзімнің баяғы стилімді ұстанамын. Бірақ ешкімді аямаймын", – дейді Данияр Елеусінов.

Ұқсас сілтемелер