Басып шығару нұсқасы
06.03.2018, 10:38

Бокс әлеміне танымал промоутер Қазақстанға келе жатыр

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша аса ауыр салмақта әлем чемпионы Энтони Джошуаның (20-0, 20 КО) промоутері Эдди Хирн Қазақстанға келеді, деп хабарлайды silteme.kz АА prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Лондон => Қазақстан»,- деп жазды Хирн өзінің Twitter парақшасында.

Эддидің промоутерлік компаниясы Matchroom Boxing-тің құрамында Джошудан бөлек, Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бұрынғы қарсыласы Дэниэл Джейкобста (33-2, 29 КО) бар.