Басып шығару нұсқасы
06.02.2018, 11:27

Василий Левит: Боксты Олимпиада ойындарынан алып тастайды дегенге сену қиын

2016 жылы Риоде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит бокстың 2020 жылғы Олимпиада ойындарынан алып тасталуы мүмкіндігі туралы ойын айтты, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Еске салайық, қазіргі уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) боксты 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада бағдарламасынан шығарып тастауды қарастырып отыр. Бұл туралы ХОК-тың басшысы Томас Бах айтты. 

- Боксты Олимпиада ойындарынан алып тастайды дегенге сену қиын. Менің ойымша, бұл қисынға келмейтін нәрсе. Өйткені, бокс Олимпиададағы ең қызықты спорттың түрі. Сондықтан да боксты Олимпиададан шеттетеді деген әңгімеге сенбеймін, - дейді Левит. 

©prosports.kz

Ұқсас сілтемелер