Басып шығару нұсқасы
31.10.2016, 09:00

Түркияда 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

үркияда Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген айыппен 10 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды қазАқпарат.

Resmi Gazete-нің ресми деректері бойынша 10 мың 131 жұмысшы жұмыстан босатылған. Оның ішінде 32-сі парламент шенеунігі, 183 адам кассациялық соттан, 2534 адам елдің әділет министрлігінен, 102-сі сыртқы істер министрлігінен, сондай-ақ 101 адам Түркияның Қарулы күштерінен, деп жазды gazeta.ru.

Сонымен қатар тағы 15 БАҚ, оның ішінде Dicle жаңалықтар агенттігі мен көптеген газет-журналдар жабылды. Олар Күрдістан жұмысшылар партиясының идеяларын насихаттағаны үшін айыпталды.  

 

Ұқсас сілтемелер