Басып шығару нұсқасы
27.09.2016, 11:34

Нью-Йоркте президенттікке кандидаттардың дебаты өтіп жатыр

Нью-Йоркте президенттікке кандидаттардың дебаты өтіп жатыр Фото: ©EPA/Rick Wilking

Нью-Йорктегі Хофстра университетінде АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трамп пен Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтонның арасында дебат өтіп жатыр, деп хабарлайды azattyq.org.

Кандидаттар 8 қарашаға дейін  бір жарым сағатқа созылатын осындай үш дебат өткізуі тиіс. Болжам бойынша, дебаттар сайлауалды бәсекесіне үлкен ықпал етеді.

Соңғы жүргізілген сауалнамаға қарағанда, сайлаушылардың көпшілігі кандидатқа осы дебаттың қорытындысына қарап та дауыс беретінін білдірген.

Ұқсас сілтемелер