Басып шығару нұсқасы
16.12.2017, 09:43

Желтоқсан ақиқаты: 4 бірдей газеттің бас редакторын орнынан алған сурет

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі Ержан Тәліп өзінің фэйсбук парақшасында Желтоқсан оқиғасына қатысты "атақты" тарихи суретке Колбиннің кезінде не дегенін жариялады, деп хабарлайды silteme.kz.

"Осы суретті жариялаған 4 бірдей газеттің бас редакторы орнынан алынғанын білесіздер ме? Осы суретті көрген Колбин: - Мыналар нашақор, қылмыскер емес, қазақты қорғап қалған батырлар, қаһармандар құсап түсіпті ғой - деп мысқылдағаны жайында да айтылады. Бірақ, соны айтқанда Колбин олардың ертең-ақ қаһармандарға айналатынын білген жоқ-ты" деген Е.Тәліп.

Аталған постыны желі қолданушылары қызу талқылап, өзара бөлісіп жатыр.

Ұқсас сілтемелер