Францияның «Саяси және халықаралық қатынастар орталығының» (CFPA) басшысы Фабьен Боссар Ресей президенті Владимир Путиннің кандидатурасын Нобель сыйлығына ресми түрде ұсынды, деп хабарлайды baq.kz Ресей Жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.

Ол кезінде АҚШ президенті Барак Обама америкалық әскерлер Иракта әлі де қалып отырған кезде Нобель сыйлығын алғанын еске салды. Осылайша, Боссардың пікірінше, Сириядағы лаңкестердің бекіністері бойынша әуесоққылар түрлі бейбіт бастамаларды көтеріп отырған ресейлік көшбасшыға нобельдік сыйлықты беруге кедергі келтірмеуі тиіс.
«Меніңше, президент Путин оған лайықты. Ол – лаңкестікпен нақты күресіп отырған жалғыз адам», - деп қосып өтті ұйым басшысы.
Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері бейбітшілікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беріліп келеді.