Басып шығару нұсқасы
25.08.2016, 10:29

Қазақстанға былтыр ғана келген америкалық қыз бір жылда қазақша үйреніп алды (видео)

Американың Портленд қаласында тұратын Грейси Гаррет қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасын» орындады. Оның видеосын Алматыдағы АҚШ елшілігі өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жүктеген екен, деп хабарлайды dalanews.kz

Видеода америкалық қыз өзі туралы қазақ тілінде айтып береді. Осы бір жылда лағман тағамы оның жақсы көріп жейтін сүйікті тағамдарының біріне айналған екен.  Осыдан кейін «Көзімнің қарасын» орындап берді. Видеоға қарағанда, Г.Гаррет Алматыда өткен мәдени іс-шаралардың біріне қатысқан.

Ұқсас сілтемелер