Басып шығару нұсқасы
19.04.2018, 11:19

АҚШ-та қаңбақ қаланы басып қалды (видео)

Калифорния штатының Викторвилл қаласының тұрғындары қаңбақтың жаппай «шабуылына» куә болды. Бұл туралы NY Post хабарлайды.

Қаңбақ шаһардағы 150-ге жуық үйдің ауласын түгелдей басып қалған. Шөптің биіктігі, тіпті, кейбір үйлердің екінші қабатына дейін жеткен.   Викторвилл билігі тазалау жұмыстарын жүргізіп, жиналған қаңбақтың бәрін қала сыртына шығарған.

Дереккөз: 24.kz

Ұқсас сілтемелер