Басып шығару нұсқасы
08.03.2018, 12:13

Ит сахнада өнер көрсетіп тұрған опера әншісіне тап берді

Ит сахнада өнер көрсетіп тұрған опера әншісіне тап берді http://reactor.inform.kz

Бордер-колли тұқымдас ит Қытайдың Фуцзянь провинциясында опера қойылымына кедергі жасап, желі жұлдызына айналды. 

Daily Mail басылымы хабарлағандай, ит спектакль барысында сахнаға жүгіріп шығып, актердің бірінің жеңінен тістеп, тартқылай бастаған. Кенеттен пайда болған «жаңа кейіпкер» залда отырған көрермендердің көңілінен шыққан.

Актер өзі ойнап тұрған образдын шықпай, киімінің жеңін тістеп тұрған итті сілкілеп құтылмақшы болған, алайда қатты тістеп алған ит оңайлықпен беріспеген.

Нәтижесінде актер сахнадағы рөлін толыққанды ойнап шығып, көрермендердің ықыласына бөленген.

Видео Желіде жариялана салысымен хитке айналып, көптеген жағымды пікірлер жинаған.

©reactor.inform.kz

http://reactor.inform.kz

Ұқсас сілтемелер