Басып шығару нұсқасы
06.10.2016, 10:58

Ақтөбеде келесі жылы 10 мың адамға жер беріледі

Қазір жергілікті билік арнайы орындарды белгілеп, қажетті инфрақұрылымын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды baq.kz.

Алдымен 2003-2005 жылдары кезекке қойылған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылады.

 Ал 2006 жылдан кейін кезекке тұрғандарға жер телімдері қалаға жақын Алға, Хромтау және Мәртөк аудандарынан беріледі. Жалпы өңірде жер алу кезегінде 100 мыңнан астам адам тұр.

«50 мың гектардың үстінде жер учаскесі қайтарылды. Оның жер учаскесін жеке тұрғын үйге беруге қолайлы жерлерді сол аумақтардан анықтап, 7,5 мың жарым гектарды құрайтын жалпы 23 мың адамға берілетін учаскесінің жоспарын бүгінгі күні жасап жатырмыз», - дейді Ақтөбе қалалық Жер қатынастары бөлімінің жетекшісі Ұшқын Мыңбаев.