Басып шығару нұсқасы
09.06.2025, 22:24

Пикник, жағажай теннисі және рассада: Қазақстандағы жаз маусымының үш тағаны

Қазақстанда жаз — көмір мен кәуаптан, жағажай теннисі мен рассададан басталады. Fix Price желісі маусым басында қазақстандықтар қандай тауарларды көбірек сатып алатынын саралап, жазғы трендтерді анықтады: сауда қарқынын саяжайшылар мен пикник сүйер қауым белгілеп отыр.

Fix Price дүкендер желісі Қазақстанда шынайы жазғы бум тіркеді: пикник пен кәуап дайындауға арналған тауарларға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 17,7%-ға артқан. 

Дәстүрлі бестселлерлер — древесный уголь, тоңазытқыш-сөмкелер және бір реттік ыдыс-аяқтар — отбасылық демалыс пен табиғат аясындағы кештердің ажырамас бөлігіне айналған.

Бірақ бұл — жазғы қызықтың бір ғана қыры. Саяжай маусымы да қызу жүріп жатыр:

Бақша құралдарына сұраныс +12,5%. Ең жиі сатып алынатындар: бақша қолғаптары, бүріккіштер, шағын күрекшелер, күректер мен секаторлар.

Рассадаға арналған тауарлар — нағыз сату серпіні (+34,2%). Танымал топта — топырақ, кашпо, сондай-ақ бақ пен бау-бақшаны өңдеуге арналған нашатыр спирті мен йод.

Сыртқы ойыншықтар да назардан тыс қалмады: сұраныс +7,3%. Лидерлер: жағажай теннисіне арналған ракеткалар, су атқыштар, футбол және волейбол доптары. Қазақстандықтар белсенді демалыс пен суды бір арнаға тоғыстырып отыр.

Fix Price жазғы демалысты тиімді әрі көңілді өткізу үшін бәрін ойластырған — шомыл да, ойна, бақшаңмен айналыс, ал керек заттың бәрі жақын маңдағы дүкенде.

Ұқсас сілтемелер