Басып шығару нұсқасы
27.07.2017, 20:20

ҚазАгро: Кәсіпкер өтінімі 15 жұмыс күні ішінде қаралады

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде және шағын қалаларда несие және микронесие бойынша кепілдікті алу үрдісі жарияланды, деп хабарлайды abctv.kz «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы бағдарлама аясында микрокредит алуды жоспарлаған ауылдағы кәсіпкер «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ қаржыландыратын микроқаржылық ұйымға немесе кредиттік серіктестікке микрокредитті алу өтінішімен жүгінеді. Қажеттілік болғанда микрокредитті ішінара кепілдендіруге өтінішпен жүгінеді және өтінішті қарастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынады» делінген хабарламада. Сондай-ақ, МҚҰ / КС өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес кәсіпкерден өтінім, құжаттардың толық дәстесімен бірге алған сәттен бастап, 15 жұмыс күні ішінде бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және кредит/микрокредит беру туралы мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

Ұқсас сілтемелер