Басып шығару нұсқасы
20.04.2017, 11:28

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін қазақстандықтар үшін, Өзбекстан нарығына шығуға қолайлы жағдай жасалды

Өзбекстан Қазақстаннан тасымалданатын ауылшаруашылығы өнімдеріне акциздік салықты төмендетті, деп хабарлайды silteme.kz.

Көршілес Өзбекстан біздің елімізге жеңіл және жүк машиналарын, ауыл шаруашылық техникаларын, электротехника және жеңіл өндірісі өнімдерін және құрылыс материалдарын тасымалдайды. Өз кезегінде Қазақстан Өзбекстанға металл өнімдерін, ферроқорытпа, ағаш өнімдерін жеткізеді. Екі ел ауыл шаруашылық, жеңіл және ауыр өндіріс, транспорт коммуникациясы, мұнай-газ өндірісі тәрізді салаларда да серіктестікті арттыруда.

2017 жылғы 31 наурыздағы «Өзбекстан Республикасының алдағы уақыттағы сыртқы экономикалық жұмысын реттеу шаралары туралы» қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстан импорттық ауылшаруашылығы өнімдеріне акциздік салықты төмендетті.

Аталған шараның қабылдануына Өзбекстан Президентінің ағымдағы жылдың наурыз айындағы Қазақстанға ресми сапары  ықпал етті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін қазақстандықтар үшін, Өзбекстан нарығына шығуға қолайлы жағдай жасалды.

Макарон өнімдеріне акциздік салық толығымен жойылды (бұрын 30 және 50% болатын). Сонымен қатар бидай ұны, мақсары мен күнбағыс майы, консервіленген көкөністер және жеміс-жидек шырындары,т.б. ауылшаруашылық өнімдеріне акциздік салық төмендетілген.

 

Ұқсас сілтемелер