Басып шығару нұсқасы
28.10.2016, 18:58

Алматыда халықаралық авиациялық хаб құрылады

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында ҚР ИДМ вице-министрі Б.Камалиев, сондай-ақ, Азаматтық авиация және Көлік комитеттерінің төрағалары Б.Сейдахметов және А.Асаубаевтың қатысуымен өткен бүгінгі баспасөз-конференциясында ҚР ИДМ қазіргі уақытта Астана әуежайының жолаушылар терминалын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда екені айтылды. Биыл жыл соңына дейін Петропавл қаласы әуежайының әуевокзалы мен ұшу-қону жолақтарын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау көзделуде. 2017 жылдың басында Семей әуежайындағы ұшу-қону жолақтарын қайта жаңғырту жоспарланып отыр. 2020 жылдың соңына дейін Қостанай мен Өскемен әуежайларының ұшу-қону жолақтары  қайта жаңғыртылады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Алматыда халықаралық авиациялық хаб құру бойынша жұмыстар жүруде. Осы жұмыстар шеңберінде жаңа әуежай құрылысы арқылы әлеуетті инвесторларды тарту көзделуде.

Сондай-ақ, Ұлт жоспарының 73-қадамын орындау шеңберінде астананың халықаралық қаржы орталықтарымен байланысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні Астанадан 5 халықаралық қаржы орталығына тікелей ұшу орындалады  (Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонконг, Сеул). Сондай-ақ, Вена, Париж, Абу-Даби, Пекин, Стамбул, Үрімші, Бангкок, Шарджа, Минск, Мәскеу, Баку, Ташкент, Киев, Бішкек, Тбилиси және т.б. қалаларға тікелей рейстер жүзеге асырылады. 2017-2020 жылдары Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йоркпен әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр.

Ұқсас сілтемелер