Басып шығару нұсқасы
11.10.2016, 19:44

«Атамекен» кемесі айдынға жол тартты

Ағымдағы жылда ұлттық флот әрқайсысының дедвейті 7000 тонна болатын «Жібек жолы» және «Атамекен» атты жаңа екі құрғақ жүк кемелерімен толықты.

«Жiбек жолы» құрғақ жүк кемесінің Шлиссельбург қ. Нева кеме жасау/кеме жөндеу зауытында 12 шілдеде суға түсірілгеннен кейін арқандап байлау сынақтарынан сәтті өтті және ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Ақтау тіркеу портына келді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 6 қазанда «Атамекен» құрғақ жүк кемесі суға түсірілді, Ақтау портына келуі ағымдағы жылғы қарашада жоспарлануда.

Соңғы кезде құрғақ жүктерінің теңіз тасымалының айтарлықтай жандандыруын ескере отырып, осы оқиғаның Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін арттырудағы және ұлттық құрғақ жүк флотын дамытудағы маңызын атап өткен жөн.

Ұқсас сілтемелер