Басып шығару нұсқасы
07.12.2017, 12:50

Биткоин рекордын жаңартты

Ең танымал криптовалюта – биткоин өсуін жалғастыруда. Бұл виртуалды валюта бағамы бүгін 14 мың долларға жетіп жығылды, деп хабарлайды LS.

Cryptocompare мәліметі бойынша Алматы уақытымен 09:15-те бұл электронды валюта $14,24 мыңға бағаланды.

Жалпы алғанда, жыл бойы биткоин бағасы 15 рет қарғыды.

Криптовалютаға қатысты сарапшылардың пікірі екіге жарылған. Бірі бұл сандық «көпіршіктің» болашағы жоқ десе, бірі болашақтың валютасы деп баға береді. Дегенмен, 9 жылдық тарихында криптовалюта айтарлықтай күш алды. Швед экономисі Кьелл Нордстремнің пікірінше, криптовалюта салық жүйесіне қауіп төндіре бастағанда, билік оны шектеудің амалын қарастыра бастайды.

Ұқсас сілтемелер