Басып шығару нұсқасы
31.03.2017, 12:05

Орталық Азия аймағы үшін селекциялық-генетикалық орталық құру мәселесі қаралды

Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфумен кездесті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жасұлан Әбдіманап.

Кездесу барысында 2016 жылы қол қойылған ҚР АШМ мен ҚХР АШМ арасындағы біріккен іс-қимыл жөніндегі Жоспарды іске асыру, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық септестік және «Оңтүстік-Оңтүстік» халықаралық бағдарламасы аясында өзара ынтымақтасу мәселелерін ортаға салды. Осы қатарда ауыл шаруашылығы технологиясы трансферті мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ведомствалар аралық жұмыс тобын жасақтау мен Орталық Азия аймағы үшін селекциялық-генетикалық орталық құру мәселелері де назарға алынды.

Айта кетейік, А.Мырзахметов бұған дейін ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы төрағасы Чжи Шупинмен кездесіп, көршілес елге экспортталатын бидай кебегі партияларына қойылатын инспекция, карантин және санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылған болатын.

 

Ұқсас сілтемелер