Басып шығару нұсқасы
31.10.2016, 11:39

Мұсылман әйел әлемдегі тұңғыш ислам ойыншықтары интернет-дүкенін ашты

Британдық мұсылман әйел Назия Насрин әлемдегі тұңғыш ислам ойыншықтары интернет-дүкенін ашты, деп хабарлайды muftyat.kz.

Қыздың айтуынша, ол таңдап алған мұсылман барбилері, түрлі-түсті жайнамаздар, араб әріптері бар текшелер және басқа да ойыншықтар қазіргі нарық олқылықтарын толтырады, сондай-ақ, экстремизммен күресуге көмектеседі.

 «Шындығына келсек, балаларды дұрыс емес дүниелерге үйретеді, содан барып экстремизм басталады. Егер балаларға кішкентай кездерінен бастап дұрыс жетілдіретін ойыншықтар мен кітаптарды ұсынар болсақ, онда біз олардың бойларына шынайы ислам құндылықтарын дарыта аламыз», – деді ол.

Назрин, екі баланың анасы, мұндай бизнес құру идеясы ол жүктілік демалысында жүргенде пайда болған екен.

2014 жылы ашылған дүкен сөресінде қазіргі таңда екі жүздей ойыншықтар, ойындар және басқа да балалар тауарлары бар.

Кәсіпкер осы аптада Манчестерде өтетін Muslim Lifestyle Expo көрмесіне қатысуға ниеттеніп жүр.

Өз ойыншықтарының маңыздылығын түсіндіре отырып, Насрин былай дейді: «Балалардың өз дінін, мұрасын мақтан тұтып әрі Ислам туралы ақиқатты біліп өсуін қалаймын».