Басып шығару нұсқасы
28.02.2017, 17:55

"Мен сыйға тартқан орамал" "Халық маркасы" тұтыну белгісіне ие болды

"Мен сыйға тартқан орамал" «Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болды, деп хабарлайды silteme.kz

Бүгін  танымал әнші Роза Әлқожа өзінің "Мен сыйға тартқан орамал" дүкендер желісінің Астанадағы бөлімінің тұсауын кесіп, шашу шашты.

Тұсау кесерге қыз-келіншектер көп жиналды. Арнайы оюлармен өрнектелген орамалдар көздің жауын алады. 

Роза Әлқожа:

- Орамал әйел затының сәні. Орамалды насихаттап, әрі еңбекпен нан тауып, отандық өнімдердің көбеюіне үлес қоссақ деген ниет біздікі. Пайғамбарымыз "Саудамен айналысыңдар, ол - сүннет, әрі адал еңбек деген". Орамалды шығаратын цехымыз Алматы қаласында орналасқан, тоғыз қалада дүкендеріміз бар, -деді.

Жиналған қыз-келіншектер, апалар, әншімен суретке түсіп, түрлі сұрақтар қойып, Розаның өз қолынан орамалды тағып жатты. Кішкентай Нүрилә есімді қызын жетектеген келіншек, Роза ханымнан қызының аузына түкіріп, ырым етуді өтінді. Роза ханым келіншектің көңіліне ықылас білдіріп, бүлдіршінге, ақ тілегін жолдады.

Фото Үкілі Кәмшат.

Роза Әлқожаның  отандық өнімі "Халық маркасы" тұтыну белгісіне ие болған брендтер қатарына енді. Белгіні  «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының» директоры Римма Тәжібаева келіп өз қолымен тапсырды.

Фото Үкілі Кәмшат.

Римма Тәжібаева:

Роза Әлқожа әншілердің арасынан "Халық маркасы" белгісіне ие болған алғашқы отандық тауар өндіруші. Розаға өнімдерің халықтың және шетелдіктердің бренд ретінде сатып алатын бірден-бір заты болсын деген тілек білдіреміз,- деді.

Фото Үкілі Кәмшат.

К.Жақсылыққызы

 

Ұқсас сілтемелер