Басып шығару нұсқасы
22.01.2018, 17:57

Қазақстан, Ұлыбритания және Қытай Ақтаудан эко-қала салады

Қазақстан, Ұлыбритания және Қытай бірлесе отырып Ақтаудан эко-қала салады, деп хабарлайды Today.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Ортақ келісімге сай Ұлыбритания эко-қаланы салу үшін 2, 1 миллиард АҚШ долларын құяды. Ал қытайлық тарап 400 миллион долларға банктік кепілдікті қамтамасыз етеді. Қазақстан Ақтау қаласының солтүстік бөлігінен 865 гектар жер бөледі. 

Эко-қалада қолжетімді баспана, сауда орталықтары, мектептер, бала-бақшалар мен медициналық орталықтар салынады.

"Эко-қалада IT парк, қонақ үйлер мен спорттық стадиондар,  ойын-сауық орталықтары болады. Қала ішінде экологиялық таза тасымалдау құралдары қызмет көрсетеді. Бұл жоба саяси аренада беделімізді көтерген "Экспо 2017" халықаралық көрмесінің жалғасы болмақ", - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.