Басып шығару нұсқасы
11.12.2019, 23:22

«Транстелеком» АҚ ауылды интернетпен қамту жетістіктерімен таныстырды

«Транстелеком» АҚ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобасының ағымдағы жетістіктерімен таныстырды

Жобаның жүзеге асырылып жатқан екі жылы ішінде 275 елдімекенде жаһандық желіге шығатын 717 байланыс нүктесі орнатылды. Жоба бойынша 2021 жылға дейін жалпы ұзындығы 5,6 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс және ҚР 426 елдімекеніндегі 1,2 мың мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымды интернет желісімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Интернет желісіне шығу мүмкіндігі Нұр-Сұлтан (86,9%) және Алматы (80,9%) қалаларында кең таралған. Сонымен қатар, жоғары көрсеткіштер Солтүстік (70,2%) және Шығыс Қазақстан (70,4%) көрсетіп отыр. Ауылдық аудандарға интернетке шығу Нұр-Сұлтан және Алматыдағыдай жоғары жылдамдықты кеңжолақты желілер көмегімен емес, бірінші кезекте, мобильдік ұялы байланыс арқылы мүмкін болып отыр.

ҚР ауылдық елдімекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша интернетке шығатын кең жолақты байланыспен қамтамасыз ету жобасы елімізде 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқасында мүмкін болды. Жобаның операторы - «Транстелеком» АҚ. Жобаның басты мақсаты – еліміздің тұрғындары арасындағы цифрлік теңсіздікті жойып, ауыл тұрғындарына әлемдік желіге шығу үшін техникалық мүмкіндіктер ұсыну.

Жоба жоспарланған кесте бойынша 100%-ға жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдан бастап интернет бүкіл республика бойынша 262 елдімекенге жеткізіліп, осының арқасында ауруханалар, мектептер, мемлекеттік басқару органдары сынды әлеуметтік маңызға ие көптеген нысандар ғаламторға қосыла алды.

2019 жылы жоба Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар және Түркістан, жалпы Қазақстанның 9 облысын қамтыды. Оптикалық-талшықты байланыс желісінің ұзақтығы 1 734 шақырымды құрайды. Келесі жылы жұмыс аталған облыстарда жалғасын тауып, еліміздің басқа да өңірлерін қамтымақ. Интернет желісіне қосу жобасы аясында Түркістан облысы көшбасшы орынды иеленбек. Облыста жобаның жүзеге асырылып жатқан уақыты ішінде 139 елдімекенді интернет желісіне қосылуы жоспарланған, ал облыс бойынша орнатылған нүктелердің жалпы саны 304-ке жетеді.

«Бұл көрсеткіштер халық арасындағы цифрлік сауаттылықтың өсуі, технологиялық кәсіпкерлік пен стартап мәдениетін дамыту, цифрлік технологияларды қолдану арқылы ауылдағы өмір сапасын жақсарту үшін негізгі іргетасты қаламақ. Цифрлік ортаның құрылуына әкеліп, адами капиталды дамыту және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Цифрлік ажырауды алып тастау арқылы біз жастарға ауылда отырып-ақ өзін жүзеге асыруға мүмкіндік береміз. Бұл біздің компаниямыз үшін стратегиялық маңызға ие жоба болып табылады, ол қазақстандықтарды цифрлік әл-ауқатпен қамтамасыз ету туралы біздің миссиямызбен үйлеседі», - деп атап өтті «Транстелеком» АҚ желілік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Мағзұмов Айдар Арғынбайұлы.

Енді ауылдық елдімекендердің тұрғындары мемлекеттік онлайн-қызметтерге, қашықтықтан оқу үшін біліктілікті көтеру, қашықтықтан жұмыс жасау, әлеуметтік желілерді және онлайн кассалық аппараттар сынды бизнес жүргізу құралдарын қолдана отырып жеке бизнесін ілгерілетуге мүмкіндік алып, электрондық денсаулық паспорты, міндетті медициналық сақтандыру, мамандарға онлайн арқылы жазылу сынды заманауи медицина қызметтеріне қол жеткізеді.

 

Жоба жетістіктеріне арналған баспасөз мәжілісі кезінде Жоба аясында интернетке қосылған ауылдық елдімекендерден тікелей қосылу шарасы өткізілді:

 

Мантеев Азиз Сағатбекұлы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округы әкімі; Қалдарбекова Рахия Жақсыбекқызы, Түркістан облысы «Түлкібас орталық аудандық ауруханасы» МКМ Түлкібас ауылдық БМСК аға дәрігері; Сабирова Гүлнара Жұмағалиқызы, «Қазан орта білім беру мектебі» ММ директоры; Рыбина Наталья Николаевна, «Первомай орта білім беру мектебі» КММ директоры.

 

ТТС 20 жылдық мерейтойы аясында 2020 жылға арналған іс-шаралар аңдатпасы.

Биыл Транстелеком» АҚ өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде компания ҚР-да деректерді тасымалдау және АТ-интеграциясы саласында көшбасшы атанып, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда, Ресей мен Қытайда, Ауғанстан мен Кавказда ең ірі операторға айналды.

«Бүкіл 2020 жыл ішінде біз қызықты іс-шараларды, соның ішінде, IT-блогерлер байқауын, «ТТС Photo Award» цифрлік технологиялар фотосуреттерінің байқауын, Dota кибержарысын, соңғы 20 жылда Қазақстанда IT дамуы жөніндегі ең үздік материал үшін журналистер арасындағы республикалық байқауды өткізуді жоспарлап отыр. Ол жайында 2020 жылдың қаңтарында өтетін баспасөзге арналған таңғы аста хабарланатын болады. Сондай-ақ, ақпарат біздің әлеуметтік желілерімізде және компания сайтында жарияланып, бүгінгі баспасөз мәжілісінің барлық қатысушыларына шақырту жіберіледі», - деп хабарлады «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасының ұйымдық даму жөніндегі орынбасары Елдар Адайбеков.

_____________________________________________________________________

 

«Цифрлік Қазақстан-2022» - цифрлік технологияларды қолдану арқылы еліміздің әрбір тұрғынынң өмір сүру деңейін көтеруге бағытталған мемлекеттік кешенді бағдарлама. Бағдарламаның басты мақсаттары – Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын күшейту және де халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ, цифрлік болашақ экономикасына өту үшін жағдай жасау. Бағдарлама сайты - www.digitalkz.kz.

 

«Транстелеком» АҚ – телекоммуникация, цифрге көшу және АТ саласындағы жүйелі интеграциялауға, байланыс, автоматика мен энергетика саласында маманданған Қазақстан Республиксындағы ең ірі байланыс оперторларының бірі.

Ұқсас сілтемелер