Басып шығару нұсқасы
10.01.2018, 10:27

Теріден жасалған тонды қалай таңдау керек?

Жансая Сыдықбай Жансая Сыдықбай Фото: life.fursk.ru

Бұл туралы kazrabat.kz порталында жазылды, деп хабарлайды silteme.kz.

Тон терісінің қалың әрі біртегіс және түбіттің де ұзындығы бірдей жатық әрі түсі жарқырап тұруы керек. Жалпы, тон сатып аларда оны қанша уақыт киетініңізді анықтап алғаныңыз дұрыс. Егер бірнеше жыл киемін деп шешсеңіз, онда сізге қоян, ондатр, қаракөл, шиншилланың терісінен жасалған тондарды алмай-ақ қойғаныңыз дұрыс. Ал сауда белгісіне келсек, киім ілетін және химиялық тазалауын көрсетіп қоятын пиктограммасымен қосып тігілетін түрі бар. Қандай түбітті тондар ұзақ киюге жарамды?

Бір маусымды 4 ай деп есептейтін болсақ, өзен құндызынан жасалған тонды – 18 маусым, теңіз мысығы – 17 маусым, арктика түлкісі (писец) – 7 маусым, сусар — 7 маусым, нерпа – 6 маусым, түлкі – 5 маусым, ондатр – 5 маусым, нутрия – 5 маусым, қаракөл – 6 маусым, қой – 6 маусым, тиын – 4 маусым, суыр – 4 маусым, көжек – 2 маусым, қоян – 1 маусым ғана киюге жарайды.

Ұқсас сілтемелер