Басып шығару нұсқасы
26.10.2016, 12:36

Қазақстанда 4,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 593 шақырымдай қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Сезілу туралы мәліметтер жоқ. 

Қазақстан аумағында 4,1 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлады ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сейсенбі күні сағат 23:15-те тіркелген. "Жер сілкінісі эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 593 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан", — делінген хабарламада. Ошақтың тереңдігі 10 шақырымды құрады.   

Ұқсас сілтемелер