Басып шығару нұсқасы
26.08.2016, 14:04

Италиядағы жер сілкінісінің құрбандары 267-ге жетті

Италиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 267-ге жетті, деп хабарлайды Today.kz.

Сонымен бірге 400 адам жарақат алған. Аймақта жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер әлі жалғасып жатқаны айтылады. Шамамен 900 дүмпу тіркелген. 

Естеріңізге салайық, магнитудасы 6,0 балл жер сілкінісі тамыздың 24 күні жергілікті уақыт бойынша шамамен  03:36 болды. Соңынан магнитудасы 5,4 балл жер асты дүмпуі болды. Апеннин тауларының басым бөлігінде болған дүмпулер Перудже, Риети, Норче қалаларында сезілген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Риети қаласында, төрт километрлік тереңдікте болса керек. Осы жайтқа байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-министрі Маттео Ренциге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.  Мемлекет басшысы достас Италияға көмек беруге дайын екенін айтып, зардап шеккендерге тез айығуларын тіледі.