Басып шығару нұсқасы
26.08.2016, 13:30

Түркияның Джизре қаласында жойқын жарылыс болды

Түркияның Джизре қаласындағы полиция басқармасы ғимаратының маңында жойқын жарылыс болды.

Алдын ала болжам бойынша шабуылдан 8 адам қаза тапқан, 45-ке жуығы жараланған, деп хабарлайды 24.kz

Куәгерлердің айтуынша, жарылғыш зат автокөлікте іске қосылған. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ.

Айта кету керек, Джизренің басым бөлігінде күрдтер тұрады.  


Ұқсас сілтемелер