Басып шығару нұсқасы
17.08.2016, 19:32

Миллионер болса да құбыр тазалап жүр

Миллионер болса да құбыр тазалап жүр zhasalash.kz
Британдық Джон Доэрти лотереядан 15 миллион ұтыс алса да, су құбырларын тазалаудан бас тартпады, деп жазады zhasalash.kz.
Джон Доэрти ұзақ жылдар құбыр тазалаушы болып қызмет атқарған. Жақында ол лотерея ойынынан 15 миллион фунт стерлинг ұтып алды. Миллионер атанғаннан кейiн екi күн өткенде оны қызметтестерi жұмыста көрiп таңқалыпты Джонның айтуынша, ол өзiнiң жұмысын жақсы көргендiктен, тұрақты клиенттерiнiң көңiлiн қалдырмау үшiн жұмысынан қол үзбейтiн болып шешiптi. Бiрақ ендi аптасына төрт күн ғана жұмысқа шығатынын да ескерттi. Миллионер өзiнiң ұтысын қайда жұмсайтынын жоспарлап үлгермептi. Тек әйелiне 300 фунт тұратын брендтiк сөмке, отбасына 45 фунтқа ең үлкен пицца ғана сатып алыпты.