Басып шығару нұсқасы
15.04.2018, 14:50

Тәжікстан президенті «жоғалып» кетті

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның тік ұшағы тауда тұманда адасып кетті. Президент Пенджикентке Наурызды тойлау үшін ұшып бара жатқан, деп хабарлайды "Джумхурият" ақпарат агенттігі.

Рахмон Согдий облысына 28 наурызда сағат 8:30-да ұшып келуі керек еді. 2 апта өткеннен кейін ғана президенттің тік ұшағы ауа райының қолайсыздығынан діттеген жерге жетпей қонуға тура келгені хабарланды.

Рахмонның тік ұшағы Варзобск ауданына қонған. Жергілікті тұрғындар президенттің келгенін естіп тік ұшақтың жанына жиналған. Бір әйел адасып кеткен қонақтарға бәліш пен ыстық шай әкеп берген.

Бірнеше сағаттан кейін президентті Варзобск ауданының төрағасының көлігімен алып кетті.

Эмомали Рахмон сағат 12-де Пенджикентке жеткізілді.

Ұқсас сілтемелер