Басып шығару нұсқасы
11.04.2018, 14:08

Әлемдегі ең танымал видео жоқ болып кетті

Пуэрториколық әнші  Луис Фонсидің Despacito әнінің ресми бейнебаяны   YouTube платформасынан өшірілді. Бұл туралы  The Independent басылымы хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, роликтің жоғалуы хакерлік шабуылдың нәтижесінде болған. Vevo музыкалық аккуанттарына шабуыл жасаған. Бейнебаянның орнына бетперде киген адамдар мен түрме құрбандарының видеосы жүктелген. 

Despacito бейнебаянынан басқа  Шакира, Селена Гомез, Тейлор Свифт сияқты танымал әншілердің бейнебаяндары жойылған.

Бұл шабуылдың артында хакерлік  Prosox немесе  Kuroi'sh топтары тұруы мүмкін.

Айта кетейік, 5 сәуір күні танымал Despacito әнінің бейнебаяны бес миллиард көрілім жинап, YouTube тарихындағы ең көп көрілім жинаған видео ретінде тіркелді.