Басып шығару нұсқасы
06.03.2018, 01:50

Әли Оқапов кіммен жүріп жүр?

Әли Оқапов әнші Ақбота Сейтмағамбетовамен жүргенін ашық мойындады. Бұл туралы ол Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында баяндады.

«Ақбота шоу-бизнеске енді келген кезінде кездесіп жүрдік. Ол бірнеше ай ғана сахнада болды. Екеуміз іссапарда танысқанбыз. Мүмкін жас айырмашылық әсер еткен шығар. Ол тым жас еді. Сондықтан екеуміз бір-бірімізге сай келмейміз деп ойладым. Мұны бірінші рет мойындап отырмын»,  – деп Әли Ақботамен жараса алмағанын жасырмай айтты.

 

Айта кетейік, Әлидің клипінде Ақбота Сейтмағамбет басты рөлді сомдаған.

Дереккөз: sn.kz