Басып шығару нұсқасы
11.02.2018, 14:26

АҚШ-та 11 жасар баланың қолына ұлу өсіп шықты

АҚШ-та 11 жасар баланың қолына ұлу өсіп шықты stan.kz

АҚШ-та дәрігерлер 11 жасар баланың қолынан Littorina scutulata тұқымдас тірі теңіз моллюскасын тауып алды. Оқушы су қоймаларының бірінде жарақат алған екен, деп хабарлайды BMJ Case Reports порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Ұлы баланың қолындағы жарасының үстіне өсіп шыққан. Лос-Анджелес қаласындағы дәрігерлер баланың қолындағы бітеу жараны кескенде, ондағы ұлуды көрген. Осы уақытқа дейін ұлу бойы 4 миллиметрге дейін өсіп үлгерген екен.

Отадан кейін бала жылаған соң, дәрігерлер ұлуды балаға беріпті. Алайда ұлу әдеттегі тіршілік ортасынан ажыраған соң, бір күн ғана өмір сүріпті.

Ұқсас сілтемелер