Басып шығару нұсқасы
31.01.2018, 18:25

Ерке Есмахан 10 мың метр биіктікте ән айтты

Ерке Есмахан өткен жылдың нағыз хиты болған "Қайда?" әнін 10 мың метр биіктікте шырқады, деп хабарлайды Today.kz "Air Astana" әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.

Ерке ұшақ бортында жолаушыларға жанды дауыста ән орындап, көңілдерін көтерген. Ал әлеуметтік желідегі пікірлерге қарап жолаушылардың ұшақ бортында Димаштың өнер көрсеткенін қалайтындарын аңғару қиын емес. 

Ерке Есмаханның "Қайда?" әніне түсірілген бейнебаянды осы уақытқа дейін 53 миллион адам тамашалаған. Бұл рекордты әлі күнге дейін қазақ эстрада өкілдерінен ешкім жаңартқан жоқ.

https://instagram.com/p/BekPTzxAIsN/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_ufi_control

Ұқсас сілтемелер