Басып шығару нұсқасы
07.01.2018, 09:41

Дөнер жасай аласыз ба? (видео)

Қаланың әр бұрышында кездесетін Дөнер — қазір ешкімді таң қалдырмайды. Себебі шынымен де барлық жерде қаптап кетті. Бірақ сапалы әрі дәмді Дөнерді кез-келген жерден кездестіру қиын! Дәмді дөнерді іздегенше, одан да сол ақшаға азық-түлігін алып, үйден жасай салсаңыз жақсы емес пе? Дереккөз: damdialem.kz

ҚҰРАМЫ:

Лаваш  Қияр  Қызанақ Тауық еті (грудка) Орамжапырақ Уксус қышқылы Сарымсақ Аскөк Қант Тұз Қара бұрыш Сұйық май Майонез Кетчуп

Алдымен туық етін ұсақтап турап, майға қуырамыз,

***

 аздап осы дәмдеуішті және аздап тұз

***

 қара бұрыш қосып, піскенше араластырып,

***

 қуырып дайындап қоямыз.

***

Шамамен 300 грам орамжапырақты ұзыншалап турап,

***

азғантай  шекер,

***

 азғантай тұз салып,

***

 1 шай қасық уксус қышқылын құйып,

***

 аскөк салып, 3-4 түйір сарымсақты ұсақтап турап қолымызбен езгілейміз.

***

 азғантай сұйық май құйып, тағы бір рет араластырамыз.

***

 осымен салатымыз дайын!

***

 Лаваштың бір шетіне қуырылған тауық етін салып,

***

 үстіне орамжапырақ салатын,

***

 ұсақтап туралған қызанақ,

***

 ұсақтап туралған қияр салып,

***

 кетчуп, майонез құйып, ораймыз. *** АС БОЛСЫН!

Ұқсас сілтемелер