Басып шығару нұсқасы
06.01.2018, 09:55

Косметиканың құрамында қандай зиянды заттар бар?

Қазір косметиканың түр-түрі бар. Олардың қайсысы зиян? Сапалы бояудың құрамы қандай болуы керек? Косметика қолданудың негізгі нұсқаулығы қандай? 

Бетке арналған кремдердің құрамында Mineral Oil (heavy and light) болмауы қажет. Бұл өнімді пайдасыз табиғи емес заттардан бөліп алады. Өнім теріге ауа жібермей, қатпарлы қабатпен (пленкамен) жабады. Нәтижесінде бетте қауіпті аурулар, безеулер шығуы мүмкін, деп жазады baribar.kz.

Кірпікке арналған сүрмеде FIBER FREE болуы керек. Мұндай сүрмеде табиғи өнімдер ғана қолданылады. Ал құрамында бұл өнім болмаса кірпікте сүрме жиналып қалады. Бұл жағдайда бояу көзге түсіп жасауратуы мүмкін.

Тональді крем құрамында IL FREE болуы қажет. Ол жылтырамайды және күні бойы түсін өзгертпейді.

Талькті пудра пайдаланудан қашыңыз. Құрамында Talc freе бар пудраны таңдаңыз. Тальк өте қауіпті. Тіпті оны балаларға оны қолдануға болмайды. Себебі өкпе рагына әкеп соқтыруы мүмкін.

Заманауи қауіпсіз косметика құрамында мынадай компоненттер болмайды: гликоль (Glycols), глютен (Glueen), бентонит (Bentonite) и силикаты (silicone free). Бұл заттар шашқа арналған маскаларда және декоративті косметикалардың құрамында болады.

Ұқсас сілтемелер