Басып шығару нұсқасы
31.12.2017, 09:42

Шыршаға дейін қандай ағаш жаңа жыл сәні болған немесе шырша туралы 6 дерек

Шыршаға дейін қандай ағаш жаңа жыл сәні болғанын және шырша туралы 6 деректі e-history.kz порталына сілтемемен silteme.kz АА жариялады.

1.

Жаңа жылдық мерекені үйде отбасымен шырша безендіріп тойлау адамзат баласына 150 жылдан астам уақыт бұрын бұйырған.  

2.

Бірқатар этнограф тарихшылар қыпшақтарда да шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

3.    

Орыстарда I Петрге дейін жаңа жыл мерекесі 1 қыркүйек күні тойланып келген.  Тек І Петр келген соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім шығарған. Яғни 1700 жылдан бастап орыстар жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін енгізіп,  Ресейде жаңаша жыл санау басталған.

4.    

Әлемдегі ең үлкен жасанды шырша Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында құрылған. Шырша миллиондаған бүршіктер мен жүздеген мың мерекелік алаумен көмкеріліп, болат шыбықтар мен сымдардан жасалған. Биіктігі 73 метрге жетеді.

5.    

АҚШ-та Ақ Үй алдында алғаш рет 1895 жылы шыршаға ілінген электрлі түрлі-түсті тізбек жанған.

6.    

Алғаш жаңа жылдық шыршаны безендіру ХVI ғасырда Германияның Эльзас қаласында бастау алған.  Ал кейбір жазбаларда шырша қолданысқа енбес бұрын Еуропа халықтары өз мерекелерінде пирамида пішіндес ағаштан жасалған құрылғыларды пайдаланғандығы жазылған. Олар бұл құрылғының сөрелеріне тәтті-дәмділер мен сыйлықтар қоятын болған. Ал кейбір елдерде шие ағашы - Жаңа жыл сәні болған.

Ұқсас сілтемелер