Басып шығару нұсқасы
07.12.2017, 09:05

Көңіл-күйді жақсартатын тағамдарды білесіз бе?

«Ас – адамның арқауы» екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Күнде әдетті уақытта тамақ ішіп, өмір сүру қажетін өтеп жатамыз. Ал, сол ас-тамақ адамның көңіл-күйін жақсартуға да қызмет ететінін білесіз бе?! Бұл сауалға "Жас өркенмен" бірге silteme.kz те жауап іздеп көрді.

Әңгіме аш адамның тамақ табылғанда қуанатын жайында емес, күнделікті өмірде адамды бір көңілсіздік, тұнжырау басқанда, сол жағдайдан шығаратын тағамдар бар екен. Оның да ғылыми негізі бар. Бұл тағамдарда рахаттану гормоны деп аталатын серотонинді адам ағзасының көбірек шығаруына көмектесетін заттар болатын көрінеді.

Осындай тағамдар қатарына банан, сыр-сүзбе, сүт, қоңып шоколад, түйетауықтың еті жатады екен.

Адамның көңіл-күйін С, В витанминдері мен бета-каротин мол кездесетін тағамдар да жақсы көтереді. Ал, бұлар цитрустың жемістерде, мүкжидекте, кивиде, қара қарақатта, лобияда, көк бұршықта, сәбізде, тәтті бұрышта, жұмыртқада, бауырда көп. Күнделікті асқа жаңа көкөністі араластырып отырса, ол адам ағзасының жақсы күйде боулына жағдай жасайды.

Ұқсас сілтемелер