Басып шығару нұсқасы
05.12.2017, 09:20

Түріктің атақты актері Бурак Озчивит ота жасатпақ

Түріктің атақты «Шексіз махаббат», «Сұлтан Сүлеймен» сериалдарының актері Бурак Озчивит соңғы уақытта көтеу ауруынан зардап шегіп жүр, деп хабарлайды silteme.kz.

Түрік басылымы www.sabah.com.tr хабарлауынша, ол «Бауырым менің 2» және «Жан пида» сериалдарының түсірілімдерін тоқтатпау үшін ота жасатпаған. Бірақ Бурак Озчивиттің дәрігері актерға тамақтанудың жеке диеталық кестесін берген. Актердің «Жан пида» сериалының түсірілімдерін біткеннен кейін ота жасататыны белгілі болды.

Ұқсас сілтемелер