Басып шығару нұсқасы
19.12.2017, 09:21

Жа­рығы Жерге 10 000 000 000 жылда жететін қашық галактикалар бар

Жердегі қашықтық мильмен немесе шақырыммен өлшенеді, бірақ галактика үшін бұл бірліктер тым аз. Ғалымдар әлемдегі қашық­тықтарды жарық жылдарымен және парсектермен өлшейді.

Жарық ең үлкен жылдам­дық­ты көрсететіндіктен, ғалымдар жарық жылдарын қолдана отырып, әлемдегі арақашықтықтар туралы тиімді түсініктемелер алады. Жарық жыл – жарықтың бір жыл ішіндегі жүріп өтетін қашықтығы.

Ол 10 000 000 000 000 шақырымға немесе шамамен 3,25 парсекке тең.


Бізге тіпті планетамызға ең жақын орналасқан жұлдыздардың жарығы бірнеше жылдардан кейін де келеді. Ең жақын жұлдыз бізден төрт жарық жыл қашықтықта орналасқан. Бұл – астрономдар оған телескоп арқылы қарағанда, шындығында да, оның өткен шағын, яғни төрт жыл бұрынғы жұлдызын көрді деген сөз.
Ең қашық орналасқан галактикалардың жа­рықтары Жерге 10 000 000 000 жылда жетеді.

© kazgazeta.kz

Ұқсас сілтемелер